26-06-20 | 17:08
Даулы мүсінді Алматы әкімшілігі ел көзінен тасалап, бүркеп тастады (фото).
Даулы мүсінді Алматы әкімшілігі ел көзінен тасалап, бүркеп тастады (фото)

Алматыдағы Әбліхан Қастеев атындағы өнер мұражайының ауласында тұрған мүсінші Шоқан Төлештің “Абыз ата” деп аталатын мүсінін әлеуметтік желі қолданушылары Абай Құнанбайұлының бейнесіне ұқсатып, оның арты дауға ұласып еді. Мүсіннің Абай Құнанбайұлына еш қатысы жоқтығын мүсіншінің қызы Бөтагөз Төлеш редакциямызға хабарласып, егжей-тегжейлі айтқан еді. Сондай-ақ мұражай әкімшілігі де мүсіннің Абай Құнанбайұлына еш қатысы жоқтығын айтып, мүсін туралы толық мәлімет ұсынды. Соған қарамастан әлеуметтік желі қолданушылары жаңсақ тараған дүниені әлі де талқылауын тоқтатпай отыр. Сондықтан болса керек, Алматы қаласы әкімшілігі мұражай ауласындағы мүсінді ел көзінен тасалап, бүркеп тастапты (жоғарыдағы сурет).

Мұражай ауласында мүсінші Шоқан Төлештің “Абыз ата” мүсінінен басқа да көптеген мүсіншілердің еңбектері қойылған.

Суреттерді ұсынған Ботагөз Төлеш

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.