arasha.kz

«156 ананың өлімі тіркелді»: Президент прокурорларға тексеру жүргізуді тапсырды

Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауды ескертті. Ақорда мәліметінше, өткен жылы 156 ана өлімі тіркеліп, өлім-жітім 2,8 есеге артқан, деп хабарлайды Arasha.kz.

Пандемия кезінде аталған жүйе күрделі сынақтан өтіп, саладағы барша олқылықтар айқын көрінді.

«Үкіметке облыс әкімдіктерімен бірлесіп және кәсіби қауымдастық мүшелерін тарта отырып, барлық денсаулық сақтау ұйымдарында инвентаризация жүргізуді тапсырамын. Бұл ретте, босандыру және жансақтау бөлімдеріне, олардың медициналық жабдықтармен, дәрі-дәрмекпен, қажетті бұйымдармен қамтамасыз етілуіне басымдық беру керек. Бас Прокуратураға осы мәселе бойынша іріктелген тексеру жұмыстарын жүргізу тапсырылды, – деді Тоқаев.

Президент тексеру жұмыстарынан кейін кінәлі адамдар жауапқа тартылатынын.
Естеріңізге салсақ, бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысты.

Exit mobile version