01-03-21 |
1570 рет қаралған
3 млн-нан аса қазақстандықта медициналық сақтандыру жоқ.
3 млн-нан аса қазақстандықта медициналық сақтандыру жоқ

Елімізде 3 млн-нан астам адам міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында қорғалмаған болып шықты. Бірнеше облыстың әкімдіктеріне ескерту жасалды.

Әлеуметтік -медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов елордада өткен жиында халықтың емделу мәселесіне алаңдады.

Денсаулық сақтау министрлігінің онлайн түрде кеңейтілген алқа отырысында медициналық сақтандыру аясында қорғалмаған тұрғындардың қай облыста көп екені айтылды.

«МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесіне 16 млн қазақстандық енгізілген, бұл халықтың 84 пайызы. Қалған 3 млн-нан астам адам МӘМС жүйесінде жоқ. Оның ішінде 1,6 млн адам тұрақты медициналық жарна төлемегендіктен және 1,4 млн адам ешқандай жарналық төлем жасамаған. МӘМС жүйесін енгізу жұмыстарына қатысты Қостанай, Алматы, Түркістан, Жамбыл облысы және Алматы қаласы әкімдіктері ерекше мән бергені абзал. Аталған аймақтар халқының медициналық сақтандыру санаты 80 пайыздан аспайды», – деді Болат Төкежанов.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.