БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш Бүкіләлемдік экономикалық форумда келесі пандемияға дайындалуды ескертті.
Гутеррештің пікірінше, әлем мониторингке, ерте анықтау мен жедел әрекет етуге инвестиция жасап, әлемдік денсаулық сақтау ұйымының беделін нығайту қажет.
Сондай-ақ, ол қазіргі коронавирус пандемиясымен әділетті әрі тең дәрежеде күресуге шақырды.
Гутерреш ДСҰ-ның 2021 жылдың соңына дейін Жер тұрғындарының 40 пайызын, ал биыл жыл ортасына дейін бұл көрсеткішті 70 пайызға жеткізу туралы стратегиясын еске салды.
«Біз бұл мақсаттан алыспыз. Бұл ұят. Бірақ табысы жоғары елдерде вакциналау көрсеткіші Африка елдеріне қарағанда әлдеқайда жоғары. Вакциналарды бөлу мәселесінде әділеттілік керек. Тап қазір», – деді ол.
Мемлекеттер мен өндірушілер вакциналарды COVAX механизмі үшін қоюды басты назарға алып, жергілікті тест, вакцина, әлемдік емдеу әдістерін қолдауы керек, деп атап өтті Гутерреш.
«Фармацевтикалық компаниялардың дамыған елдермен лицензия, ноу-хау мен технологиялар алмасып, ынтамақтаса жұмыс істегені керек. Бәріміз осы пандемиядан шығу үшін осылай жасау маңызды», – деді бас хатшы.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024