Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруда проблемалардың көптігін айтты.
«Көптеген педагогтер МӘМС-ке тұрақты түрде жарна төлей отырып, міндетті медициналық сақтандыру жүйесі аясында медициналық көмек алуда проблемаларға тап болып жатыр. Бұл мәселе ФОМС және Денсаулық сақтау министрлігінің бюрократиялық процедураларымен байланысты және педагогтерді ақылы медициналық қызметтерге жүгінуге мәжбүр етуде», – деді депутат.
Оның айтуынша педагогтер осы мәселені жиі көтерді. Бұл проблеманың себебі – жазда, үш айлық демалыс және каникул кезінде, кейбір бухгалтерлер жалақыны және МӘМС бойынша тиісті жарнаны бір аударыммен аударады. Бұл өз кезегінде, МӘМС-тің бюрократиялық тиімсіздігінен оларды сақтандырылған азаматтар мәртебесінен айырып, медициналық көмектің қолжетімсіздігіне алып келді.
«Біз бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігіне осы мәселені тез арада шешу туралы талап қойғанбыз. Бұл мәселеде жауапсыздық пен міндеттерін орындаудағы бейқамдыққа жол берілмейді. Болашақта бұл проблеманы шешеміз деп сенемін», – деді Аймағамбетов.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
19.12.2024
-
19.12.2024
-
19.12.2024
-
19.12.2024