ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтардың қай кезде маскасыз жүре алатынын айтты.
«Әр азамат өзін қауіпсіз сезініп, ұжымдық иммунитет қалыптасуы үшін вакцина салдырғандардың саны ең кемі 60 пайыздан асуы керек. Осыдан кейін маска тағу режимінен шығу мүмкіндігі қарастырылады. Біздің азаматтар белсенді түрде вакцина салдырып, ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына, өз жақын туыстарын қорғауға өз үлесін қосады деп үміттенеміз», – деді Цой.
Сонымен қатар, министр елде қатаң карантиндік шара енгізудің болмайтынын айтып кетті.
«Қазіргі таңда үкімет елде қатаң төтенше жағдай орнату туралы қарастырып жатқан жоқ. Бірақ ТЖ режимі мемлекет басшысының бұйрығымен енгізіледі. Шешімді мемлекеттік комиссия шығарады. Локдаун енгізудің басты себебі – мемлекеттегі эпидемиологиялық ахуалдың өршіп кетуі мен ауруханалардағы төсек-орынның 70%-ға толып, денсаулық сақтау жүйесіне ауыртпалық түсуі. Міне, осы кезде қатаң карантин орнатылады», – деді министр.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024