Эпидемиологиялық тексеру кезінде Алматы қаласының аумағынан коронавирустың 10 ошағы анықталған. Олар:
Алмалы ауданы — 3
Медеу ауданы — 3
Түрксіб ауданы — 2
Жетісу ауданы — 1
Алатау ауданы — 1
Анықталған барлық жерлерде вирустың одан әрі таралуын болдырмау үшін эпидемияға қарсы профилактика жұмыстары күшейтілген. Медицина қызметкерлері аталған аумақтардағы барша адамның жағдайын тексеруге алған. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.