arasha.kz

Алматыда ұрықты қорғау орталығы ашылды

Бұдан былай сіздің барлық процедуралар мен қажетті кеңесті бір орталықтан алуға мүмкіндігіңіз бар.

Өткен жылы Ұрықты қорғау орталығында жүкті әйелдерге арналған 1,8 мыңнан астам консультация өткізілді, оның 700-ден астамы медициналық-генетикалық көрсеткіштер бойынша жүктілікті тоқтату туралы шешім қабылдау үшін көпсалалы консилиумға жіберілді.

Сондай-ақ, биылдан ұрықтың даму ақауын түзету үшін ұрық хирургиясы енгізілді. Бұл перинаталдық өлім-жітімді және балалардың мүгедектігін азайтуға мүмкіндік береді. Төрт маман Израиль мен Ресейде ұрық хирургиясы бойынша оқудан өтті.

2 наурызда «Бір күндік емхана» пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл Даун, Паттау, Эдвардс, Шерешевский-Тернер мен Клайнфельтер синдромы сияқты ұрықтың туа біткен ақаулары мен хромосомалық патологиясын уақтылы анықтауға мүмкіндік береді.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1,9 млрд теңгеге ұрықтың туа біткен ақауларын диагностикалау, анықтау мен құрсақішілік түзетуді жүргізу үшін жабдық сатып алынды.

Exit mobile version