фото: facebook.com/byelzhan
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бұрынғы бас санитар Жандарбек Бекшинге алғыс айтты.
«Жандарбек Мұхтарұлы Бекшинге Қазақстан бас санитар дәрігері қызметіндегі ерен еңбегі үшін алғыс айтқым келеді. Оның арқасында біз коронавирустың қысымын ұстадық және таралуына дайындалып үлгердік. Жәкең қызмет көрсету мен тауарлардың сапасын бақылау комитетінің орынбасары қызметіне қалатынын айтқым келеді. Дәл қазір ол қашанғыдай ең қиын жерде – Алматыдағы коронавируспен күресті күшейту қалалық штабында. Көп жылғы еңбегіңіз үшін тағы да рахмет!» делінген министрдің алғыс айтқан жазбасында.
Кеше Қазақстанның бас санитары қызметін он жыл атқарған Бекшин қызметінен кеткен еді. Ол наурыз айының басында «Қазақстанға коронавирус ақыры 11-16 наурызда келеді. Бұл әрине, болжам» деп, сол сөзі қоғамда қызу талқыланып, сынға ұшыраған еді. Бірақ Бекшиннің болжамы келіп, Қазақстанда Бекшин айтқан уақыт аралығында коронавирус анықталды.
Министр өзінің құттықтауында Бекшиннің қызметінен неге алынғанын түсіндірмеген.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024