03-04-19 |
2860 рет қаралған
Балаларына екпе егуден бас тартқан ата-аналарға айыппұл салуы мүмкін.
Балаларына екпе егуден бас тартқан ата-аналарға айыппұл салуы мүмкін

Балаларына екпе егуден бас тартқан ата-аналарға 25 мың теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Астананың қоғамдық денсаулық сақтау депортаментінің басшысы Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігінде қазір осындай заң қабылдау туралы талқыланып жатыр. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлайды.

«Ата-ана баласына екпе салғызудан бас тарту арқылы өзінің ғана емес өзгенің баласына да қауіп төндіреді. Сондықтан айыппұл ақталады деп сенеміз. Сондай-ақ екпесі жоқ балаларды балабақшаға кіргізбеу керекгін алға тарттық. Баланың иммунитеті әлсіз болады. Сондықтан бұл сақтық шарасы», -дейді Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау депортаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов .

Бүгінде балаға 18 жасқа дейін 13-ке жуық екпе салынады. Ал Денсаулық сақтау министрлігі міндетті деп тапқан вакцинаны балаға салғызбаған ата-анаға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуды көздеп отыр. 

Денсаулық сақтау министрлігі заңға енгізгелетін өзгертулерді толық талқылап, бір жұмадан кейін Парламентке жібереді. Құжаттағы өзгертулер жазда күшіне енеді деп күтіледі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.