Біз
әлеуметтік
желіде
26-02-21 |
2430 рет қаралған
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны қайта өсті.
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны қайта өсті

Соңғы күндері Қазақстанда коронавирустық инфекция жұқтырғандар саны қайта өсе бастады.  COVID-19 дертіне шалдыққандар санынан Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары көш бастап тұр.

Қазақстанда өткен тәулікте 855 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы — 135,

Алматы қаласы — 110,

Шымкент қаласы — 12,

Ақмола облысы — 74,

Ақтөбе облысы — 16,

Алматы облысы — 72,

Атырау облысы — 28,

Шығыс Қазақстан облысы — 64,

Жамбыл облысы — 21,

Батыс Қазақстан облысы — 75,

Қарағанды облысы — 54,

Қостанай облысы — 65,

Қызылорда облысы — 8,

Маңғыстау облысы — 2,

Павлодар облысы — 78,

Солтүстік Қазақстан облысы – 38,

Түркістан облысы — 3.

Жалпы, республика бойынша коронавирус індетіне шалдыққандар саны 211 212 адамға жетті. Ал алдыңғы күні Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 795 жағдайы тіркелсе, одан бір күн бұрын 753 адам COVD-19 дертіне шалдыққан болатын.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.