Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетованың айтуынша, тағы 15 баланың жағдайы ауыр.
Бала өлімі Астана мен ШҚО-да тіркелген. Олар – бір жасқа толмаған сәбилер. Яғни вакцинация жасына жетпеді. Бір бала шала туған өз потологиясы болған, оның үстіне қызылша қосылған.
«Бұл бір жасқа толмаған сәбилер. Яғни вакцинация жасына жетпеді. Бір бала шала туған өз потологиясы болған, оның үстіне қызылша қосылған. Вакцинациямен қамту кезінде біз 95 пайыз қамтылды десек, соның 5 пайызында осындай санат болуы мүмкін. Ұжымдық иммунитет вакцинацияға жатпайтын балаларды сақтау үшін керек», – деді Есмағамбетова.