
Мәжіліс денсаулық сақтау, ойын бизнесі және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдады. Түзетудің бірінші оқылымы 2024 жылғы 25 желтоқсанда өтті.
Заң аясында Денсаулық сақтау министрлігінің жекелеген құзыреттері оларды оңтайландыру мақсатымен нормативтік құқықтық актілерге беріледі. Атап айтқанда, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстен уәкілетті органның нұсқаулықтарды, алгоритмдерді, ережелер мен көрсеткіштерді қалыптастыру әдістерін әзірлеу және бекіту, сондай-ақ денсаулық сақтау саласына мониторинг жүргізу сияқты құзыреттерді заңнамалық реттеу алынып тасталады.
Мәжіліс депутаттарының бастамасымен Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы ғылыми-зерттеу институттарына резидентура бағдарламалары бойынша оқытуды өз бетінше жүзеге асыру, ал бейінді бағыттар бойынша докторантураны даярлау бағдарламаларын медициналық жоғары оқу орындарымен бірлесіп оқыту құқығы беріледі.
Сонымен қатар құқықтық нормаларды құқықтық технологияға сәйкестендіру үшін редакциялық түзетулер енгізіледі.
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025