22-06-21 |
1970 рет қаралған
Ғалымдар COVID-19 жұқтырғандардың ағзасы өзгеріске ұшырайтынын анықтады.
Ғалымдар COVID-19 жұқтырғандардың ағзасы өзгеріске ұшырайтынын анықтады

Коронавирустық инфекцияның қан жасушаларына әсер ету қабілетін Макс Планк атындағы физика және медицина орталығы мен неміс иммунотерапия орталығының ғалымдары анықтады.

Дәрігерлер COVID-19 жұқтырған 17 науқастың, сауығып келе жатқан 14 және дені сау 24 адамнанның миллионнан астам қан жасушасын зерттеді (олар бақылау тобы ретінде қызмет етті). Коронавирустың ұзақ уақыт бойы қызыл және ақ қан жасушаларының мөлшері мен қаттылығына әсер етуі, сондай-ақ кейбір жасушаларды өзгеріске түсуі мүмкін екендігі анықталды.

Зерттеушілер науқастардың кейбір өзгерістерін ауруханаға түскеннен кейін жеті айдан кейін байқады. Ғалымдар бұл инфекцияның ұзақ мерзімді салдарының бірі деп шешті – бұл сонымен қатар COVID-19 қан тамырлары окклюзиясы мен өкпе эмболиясы қаупінің жоғарылауын және жасушалардағы оттегінің жетіспеушілігін түсіндіреді.

Тамырлы окклюзия – бұл ағзадағы қуыс түзілістердің (субарахноидальды кеңістіктер, цистерналар, лимфа және қан тамырлары) өткізгіштігінің бұзылуы, бұл түзілістердің кейбір бөліктерінде жабылуынан туындайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.