15-05-20 |
2540 рет қаралған
Имашев вакцинаға неге қарсы?.
Имашев вакцинаға неге қарсы?

фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев балаларға вакцина салдыруға қарсылығын білдірді.

«Вакцинацияға қарсымыз, күштеп салдыруды қылмыс деп білеміз!
Менің 6 балам бар, алғашқы 3 балаға екпе салдырғанмын, кейінгі 3 балаға салдырмадым! Айырмашылық жер мен көктей. Үлкендері ауыра береді, имунитеттері әлсіз. Кейінгі үшеуі мүлде ауырып (тіпті, гриппен де, қызылшамен де) көрген емес! Имунитеттері жоғары, екі жыл анасының ақ сүтін емген балалар!
Менің балаларым – менің байлығым, екпені маған ешкім мәжбүрлей алмайды!
Мен Қазақстан Республикасының азаматымын!
Егер алдағы уақытта менің Конституциялық құқығым тапталатын болса, мен Ата Заңына қарсы, халқының талабы мен тілегіне қарсы заңдар шығаратын Парламенті бар елдің Азаматтығынан бас тартамын!» деп жазады Имашев.

View this post on Instagram

Жалғыздың үні шықты, бірақ, елең еткен ешкім болмады. Біздің Парламенттің сыйқы осы енді. Бір депутат қарсы, екеуі қалыс, қалғаны үнемі қолдайды! Енді құрамы белгісіз, сапасы белгісіз, шетелден келетін екпелердің жартысы ерікті, жартысы мәжбүрлі түрде міндетті болады! Әншейін ғана гриптің бір түріне ковид19 деп айдар тағып, әлемді дүрліктіріп Пандемия жариялаудың мақсаты да осы болатын. * Әлемді үрейлендіру! * Әлемді кедейлендіру! * Әлемді басқару! * Әлемді вакцинациялау! * Әлемді құл қылу! Жоқ, маскалы мырзалар!!! * Біз сіздерден емес, құдайдан қорқамыз! * Бізге Ризықты Алла береді! * Көк пен Жердің Раббысы Алла, оған ерікті, еріксіз түрде барлық жан иелері бағынады! * Вакцинацияға қарсымыз, күштеп салдыруды қылмыс деп білеміз! * Біз әлемдердің Раббысына ғана құлшылық етеміз, һәм жәрдем тілейміз! Менің 6 балам бар, алғашқы 3 балаға екпе салдырғанмын, кейінгі 3 балаға салдырмадым! Айырмашылық жер мен көктей. Үлкендері ауыра береді, имунитеттері әлсіз. Кейінгі үшеуі мүлде ауырып (тіпті, гриппен де, қызылшамен де) көрген емес! Имунитеттері жоғары, екі жыл анасының ақ сүтін емген балалар! Менің балаларым – менің байлығым, екпені маған ешкім мәжбүрлей алмайды! Мен Қазақстан Республикасының азаматымын! Егер алдағы уақытта менің Конституциялық құқығым тапталатын болса, мен Ата Заңына қарсы, халқының талабы мен тілегіне қарсы заңдар шығаратын Парламенті бар елдің Азаматтығынан бас тартамын! @tokayev_online

A post shared by Балғынбек Имаш (@balgynbek_official) on

Алайда, денсаулық сақтау министрі вакцина мәселесіне арнайы түсініктеме берді.

«Ал вакцинацияға бөлек тоқталғым келіп тұр. Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде міндетті вакцинация туралы жағымсыз пікір білдіріп, сапасыз вакцина туралы айтып, жосықсыз сатып алу жөнінде сөз етіп, бұл Кодекстің қабылдануына қарсылық танытқандар қатары аз емес. Алайда Қазақстанда вакцинация мәжбүрлі түрде болмаған, болмайды да. Бүкіл әлемдегі сияқты біздің елімізде де ерікті және міндетті вакциналар болады. Бірақ әр жағдайда вакцинацияға келісім беру немесе одан бас тарту құқығы ата-аналардың өз құзырында болып қала береді. Ешқандай құқықты шектеу жоқ. Тек бір ғана норма міндет. Ол – ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ету, яғни балабақшаларға баратын барлық баланың денсаулығын қорғау», – деді Біртанов.

Сондай-ақ министр вакцинаның сапасы жөнінде де айтқан.

«Қазақстандағы әр вакцина қауіпсіздігі, әсер етуі және сапасы жағынан GMP халықаралық өндірістік тәжірибесіндегі көп кезеңді тексерістен өтеді. Сапаны бақылау тіркеу кезеңінен басталады. Егер вакцина халықаралық ұйымдар арқылы сатып алынса, онда сапа қауіпсіздігінің бағасы ДДСҰ деңгейінде өтеді. Біз бұған дейін сапа қауіпсіздігінің бағалау процесінің қалай өткізілетінін үнемі жариялап жүрдік. Бұдан былай да бұл мәселені ашық түрде жалғастыратын боламыз» деп жазды министр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.