Денсаулық сақтау министрлігінің 20 наурыздағы таңертеңгі жағдай бойынша таратқан хабарына қарағанда, Қазақстанда коронавирус жұқтырған адамдардың саны 49 жеткен.
«Коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам тіркелді. Алматы қаласында – 22 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 25 адам, Қарағанды қаласында – 2 адам, жалпы 49 науқас тіркелді» дейді министрлік.