Коронавирусқа байланысты жалпы саны 4386 адамға мониторинг жүргізілді, оның ішінде 1 «а» санаты бойынша – 1200, 1 «б» санаты бойынша – 167, 2 санат бойынша – 3019 адам медициналық бақылауда болды. Барлығы 375 адам бақылаудан алынды. 10 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 4011 адам бақылауда тұр деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
10 наурызға барлығы 87 адам дене қызуымен және ЖРВИ-мен, оның ішінде 1 «б» санаты бойынша – 20 адам, 2-санат бойынша – 34 адам, 3-санат бойынша – 33 адам емдеуге жатқызылды. Емдеуге жатқызылған 87 адамның ішінен 44 адам шығарылды. 43 адам стационарда жатыр.
Әлемдегі эпидемиологиялық жағдай
Дүние жүзі бойынша 111 мемлекетте 33535 адам коронавирустық инфекция жұқтырды.
889 науқас қайтыс болды:
Италияда – 463,
Иранда – 237,
Оңтүстік Кореяда – 53,
Круиз лайнерде -7,
Жапонияда – 9,
АҚШ – 26,
Францияда – 30,
Испанияда – 30,
Иракта – 7,
Гонконгта – 3,
Филиппинде – 1,
Таиландта – 1,
Австралияда – 3,
Сан-Маринода – 2,
Ұлыбританияда – 5,
Нидерландта – 4,
Тайванда – 1,
Аргентинада – 1,
Мысырда – 1,
Германияда – 2,
Канада – 1,
Швейцария – 2 адам.
Инфекция жұқтырғандар саны күн сайын 14,7 пайызға, өлім-жітім – 2,6 пайызға артып отыр.
Қауіптілігі жағынан 1 «а» санатына кіретін елдер:
Оңтүстік Кореяда – 7478 адам індетке шалдыққан (тәулік ішінде + 165 жағдай, өсім 2,2%);
Иранда – 7161 жағдай тіркелген (тәулігіне + 595, өсім – 9%).
1 «б» санатына кіретін елдер:
Италияда – 9172 адам жұқтырған (тәулігіне + 1797, өсім – 24,3%).
Барлығы ҚХР-да – 80 мың 754 КВИ жағдайлары тіркелген (тәулігіне + 19 жағдай) ( күн сайынғы өсім – 0,02% құрайды), оның ішінде – 3 мың 136 өліммен аяқталған (өлім көрсеткіші – 3,8%). 59 мың 897 адам сауығып шығарылды (74,1%). Стационарларда 17 мың 721 науқас қалып отыр.
Емдеуге жатқызылғандардың барлығының сынамасын қосымша бақылау үшін Алматыдағы Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына жіберілді. Бұл орталық жаңа коронавирусты ПТР-диагностикалау әдістемесін игерген.
Республикада қолдаушы терапия үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық мақстаттағы бұйымдар бар, инфекциялық ауруханаларда оқшаулауға арналған бокстар бар орындар, дәрігерлік және орта медицина персоналы дайындалған. Бұл жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында екенін атап өту қажет.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін келесі алдын-алу шараларын сақтау қажет:
– қолдарыңыз бен бетті сабынмен жиі және мұқият жуыңыз;
– қолды залалсыздандыруда спиртті антисептиктерді қолдану;
– адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз;
– науқас адамдармен байланыста болмауға;
– суық тию белгілері (жоғары температура, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болған жағдайда, тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігермен кеңесу керек.