28-02-19 |
2850 рет қаралған
Министр мүгедек балалары бар отбасыларға қандай көмек көрсетілетіндігі туралы айтты.
Министр мүгедек балалары бар отбасыларға қандай көмек көрсетілетіндігі туралы айтты

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мүгедек балалары бар отбасыларға қандай көмек көрсетілетіндігі туралы айтты.

«Келесі көмек – мүгедек балалары бар отбасыларға көмек. Ол дегеніміз, мүгедек балаларға қарау. Одан кейін, кей бір мүгедек балалар бірінші топта, яғни өмір бақи мүгедек. Соларға да берілетін көмек. Егер осыған дейін оларға 31 183 теңге төленіп келсе, бірінші шілдеден бастап 41 578 теңге төленетін болады. Біздің есебіміз бойынша, шарамен кемінде 100 мың қазақстандық қамтылады», – деді Бердібек Сапарбаев.

Министрдің айтуынша, биыл 830 мың адам атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.