Нұр-Сұлтанда пациенттердің 56 процентінде «үнді» штаммы анықталды. Әкімдік қосымша карантиндік шектеулер енгізу туралы шешім қабылдады.
Нұр-Сұлтанда вирус жұқтырған 54 науқастан қосымша тексеріс үшін сынамалар алынған. Талдау қорытындысы бойынша пациенттердің 56%-інде «Дельта» штаммының ықтималдығы анықталды.
Осыған байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін елордада қосымша карантиндік шектеулер енгізіледі.
Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгіновтің басшылығымен өткен қалалық штаб отырысында айтылды.
«Мутацияның жаңа түрі қауіптірек, өйткені өлім-жітім қаупі жоғары, адам иммунитетіне қатты әсері бар. 39%-інде британиялық штамм. Пациенттердің 80%-інде (үнді, британдық штаммдар) клиникалық симптомдар байқалды, соның ішінде 20 науқас ауруханаға жатқызылды, 20%-інде ауру белгілері жоқ, соның ішінде 1 пациент ауруханаға жатқызылды», – деді қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова.
Айтуынша, пациенттердің көбі дәрігерлерден өздері көмек сұрап келген. Инфекцияны қалаға сырттан әкелудің алты фактісі тіркелді: Ресей, Ауғанстан, Түркістан, Ақмола облысы – 2 және Шығыс Қазақстан.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024