20-11-24 |
1890 рет қаралған
Онкологиялық диспансердің қызметкерлері жауапқа тартылды.
Онкологиялық диспансердің қызметкерлері жауапқа тартылды

Батыс Қазақстан облысындағы онкологиялық ауруға шалдыққан азаматтардың құқықтары бұзылған. Бұл туралы прокуратура хабарлады.

Дәрігерлер Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережелерінің талаптарын сақтамаған.

«Атап айтқанда, қатерлі ісікпен ауыратын және дене функцияларының тұрақты бұзылуы бар 58 азаматтың мүгедектігі болмағаны анықталды. Белгіленген талаптарға қайшы медицина қызметкерлері оларды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібермей, азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына әкеп соқты», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта онкологиялық науқастарды сараптамаға жіберу үшін прокурорлық қадағалау актісі бойынша материалдар дайындалуда.

Бұзушылықтар үшін онкологиялық диспансердің кінәлі қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Азаматтардың құқықтарын сақтау мәселелері прокуратураның тұрақты бақылауында.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.