05-02-24 |
6380 рет қаралған
Павлодарда балаларға мерзімі өткен вакцина салған.
Павлодарда балаларға мерзімі өткен вакцина салған

Павлодар облысында 21 млн-нан астам сомаға 9,5 мыңнан астам вакцинаны ұтымсыз пайдалану фактілері анықталды. Бұл туралы прокуратура хабарлады.

Атап айтқанда, Денсаулық сақтау басқармасының орталықтандырылған сақтау қоймасынан дәрі-дәрмектер өтіп кеткен жарамдылық мерзімімен медициналық мекемелерге жіберілген.

«Павлодар емханаларының біріне «Пентаксимнің» 135 дозасы препараттың қолданылу мерзімі аяқталған күні берілді. Тағы бір жағдайда мерзімі өткен препараттармен 2 бала вакцинацияланған. Қарсы тексеруде кәмелетке толмағандарды қызылшаға қарсы жалған вакцинациялау фактілері анықталды», – делінген хабарламада.

Облыс прокуратурасы қабылдаған шаралар бойынша жарамсыз препараттар жойылды, кінәлі адамдар жауаптылыққа тартылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.