03-02-20 |
2060 рет қаралған
Қазақстанда дене қызуы бар 89 адам оқшауланды.
Қазақстанда дене қызуы бар 89 адам оқшауланды

Дене қызуы мен жедел респираторлы вирустық инфекцияларға шағымданған 89 адам оқшауланған бокстарға жатқызылды, 46 адам ауруханаларда жатыр, 43 адам шығарылды деп хабарлайды ҚР бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин.

Біз бәрінен сынама алып, оны Алматыдағы орталыққа жіберіп отырмыз деген дәрігер елге келгендердің 90% мониторингпен қамтылғанын айтты. Жандарбек Бекшиннің сөзінше әлем бойынша эпидемия деректеріне сәйкес 3 ақпанда вирус жұқтырғандардың саны 17 459 адам.

«Қайтыс болғандар саны – 362, толық жазылып кеткендер – 483 адам. Әлем бойынша тіркелген өлім-жітімнің 96%-ы Хубэй провинциясында, ал вирус жұқтырғандардың 98,9%-ы Қытай тұрғындары. Бұдан инфекцияның таралуы жалғасуда деген тұжырым жасауға болады, бірақ ең алдымен сол провинция мен Ухан қаласында таралуда. Демалыс күндері толық сауығып кеткендер саны қайтыс болғандардың санынан асып түсті. Бұл санамызға үміт ұялатады. ҚХР билігі індетті негізгі аймақта оқшаулауы тиіс, – деді бас санитарлық дәрігер.

Еске салсақ, Қытайдың Хубэй провинциясындағы Ухань қаласында белгісіз індет тарап, он мыңана артық адам сол індетке шалдығып, жүздеген адам көз жұмды.

Уханьнан Қазақстан азаматтары эвакуацияланды

Жандарбек Бекшин: Уханьнан эвакуацияланған азаматтардан короновирус табылмады

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.