29-01-21 |
1500 рет қаралған
Қазақстанда «ЭКО» үшін зейнетақы жинағын қолдануға рұқсат етті.
Қазақстанда «ЭКО» үшін зейнетақы жинағын қолдануға рұқсат етті

Елімізде перзент сүюді армандаған отбасылар құны 1 миллион теңгеге шығатын жасанды ұрықтандыру шығындарына зейнетақы жинағын пайдалана алады.  Бұл туралы «Отбасы банкінің» басшысы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ақпарат «Отбасы банкінің» басшысы Ләззат Ибрагимова Facebook парақшасында жүргізген тікелей эфирі кезінде айтылды. Ол қазақстандықтарға енді зейнетақы жинағын жасанды ұрықтандыру үшін де пайдалануға болатынын айтты.

«Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс тобының отырысында кәсіби мамандардың пікірлері болды. Енді ережелерге сегізінші мақсат қосылды, ол «көмекші репродуктивті әдістер мен технологиялар» деп аталады. Бұл ЭКҰ процедурасын да білдіреді. Келесі аптада бұл ережелер күшіне енеді деп күтеміз. Репродукция проблемалары бар барлық отбасыларда зейнетақы жинақтары есебінен ЭКО жасауға мүмкіндік болады», – деді Ибрагимова.

«Отбасы банкі басшысының хабарлауынша, денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелерін келесі аптада жариялайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.