arasha.kz

Қазақстанда медициналық маскаларды экспорттауға тыйым салынды

Қазақстанда республика аумағына жеке қорғану медициналық құралдарын экспорттауға ресми тыйым салынды деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің баспасөз қызметі.

«Бұл «Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» Премьер-Министрдің 2020 жылғы 29 қаңтардағы өкіміне сәйкес, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау саласында төтенше жағдайдың туындауын болдырмау үшін Қытай Халық Республикасында және басқа да елдерде коронавирустық инфекцияның (2019-nСоv) жаңа түрінің таралуына байланысты және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайдың таралуының алдын алу мақсатында Ұлттық қауіпсіздік пен Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау аясында жасалып отыр» делінген ресми хабарламада.

Нақтырақ айтқанда жеке қорғану құралдары – респираторлар, қорғаныш көзілдіріктері, I, II типті қорғаныш (обаға қарсы) костюмдері немесе бір реттік қорғаныш (обаға қарсы) костюмдері, медициналық маскалар, халаттар мен қолғаптар экспортына тыйым салу  енгізілді.

Еске салсақ Қытайдың Ухань қаласында коронавирустық инфекцияның (2019-nСоv) жаңа түрі тарап, аурудан мыңдаған адам қаза тапты.

Exit mobile version