27-04-21 |
1390 рет қаралған
Қытай вакцинасы мұнайшыларға егіледі.
Қытай вакцинасы мұнайшыларға егіледі

Қытайлық «Синофарм» вакцинасын «Самұрық-Қазына» АҚ қызметкерлері бастап алады. Олардың қатарында мұнайшылар бар. Бұл туралы Ақтөбе облысының бас дәрігері хабарлады.

 «QazVac» вакцинасы клиникаларға жеткізілді. Осы аптадан бастап отандық вакцинаны қабылдай басталады. Сонымен бірге қытайлық «Синофарм» вакцинасы қазір Сауд Арабиясында өндірілуде. Олар вакцинаны Hayat-Vax деп атады. 22 мың доза облысқа 30 сәуірде жеткізіледі. Оны «Самұрық-Қазына» АҚ қызметкерлеріне, яғни облыста жұмыс істейтін ірі мұнай компанияларының қызметкерлеріне егу жоспарланып отыр. Одан кейін тұрғындарға салынады», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Ақтөбе облысынің денсаулық сақтау басқармасы басшысының мәліметінше, өңірде 38 мыңнан астам адамға вакцина егілді. Олардың 6 мыңнан астамы екі компоненттен вакцинацияланған. Өткен демалыс күндері тағы 14 800 доза Sputnik V вакцинасы жеткізілді. Сонымен қатар, QazVac вакцинасының 2000 дозасы жеткізілді.

Айта кетейік, Ақтөбе облысы 31 наурыздан бастап «қызыл» аймақта тұр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.