arasha.kz

Ресейден Қазақстанға 55 тонна дәрі-дәрмек келді

фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ресейден 55 тонна COVID-19 қарсы дәрілік препараттардың ірі партиясы жеткізілді. Дәрі-дәрмек тиелген ұшақтар Алматы халықаралық әуежайына келіп қонған.

Құрамында әлеуметтік маңызды 10-нан астам препарат атауы бойынша шамамен 3 млн қаптама, соның ішінде, дене қызуын түсіретін және COVID-19-ға қарсы басқа да дәрілік құралдар бар. Тізімде — азитромицин, цефтазидим, ибупрофен, фраксипарин, метронидазол, цефтриаксон, гепарин, нимесулид, левофлоксацин, меропенем порошок, эноксапарин – бинергия және басқалары бар.

Дәрілік препараттарды азаматтық авиация комитетінің арнайы борттарымен жедел жеткізу – ҚР Үкіметінің нарықты әлдеқайда сұранысқа ие дәрілермен шұғыл толықтыруда жүзеге асырып отырған шараларының бірі.

Осындай рейстер тұрақты түрде дәрілік нарықты қамтамасыз ету үшін және дәріхана желілерін қажетті препараттармен үнемі толықтырып отыру үшін жүзеге асырылмақ.

Exit mobile version