arasha.kz

Шетелде екпе жасатқандар Қазақстаннан вакцина паспортын ала алмайды

Шетелде вакцина салдырға адамдар Қазақстанда вакциналау паспортын ала алмайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова мәлімдеді.

«Егер адам Қазақстан Республикасынан тыс жерде екпе алса, ол адам вакцинациялау паспортын Қазақстаннан ала алмайды», – деп жауап берді Әлия Рүстемова.

Сондай-ақ, ол вакциналау паспорты медициналық ұйымдардағы ақпараттық жүйелермен біріктірілген eGov мобильді қосымшасында жасалатынын еске салды.

«Науқас вакцина алуға келген сәттен бастап екінші компонетті салғызған кезге дейінгі әрекеттің бәрі ақпараттық жүйеге енгізіліп, автоматты түрде eGov-та вакциналау паспорты қалыптасады. Онда вакцинаны алған медициналық ұйым, дәрігердің деректері, серияға дейін және қандай вакцина алынғаны нақты жазылған. Сондықтан шетелде вакцина алғандардың Қазақстанда төлқұжат алуы мүмкін емес», – деп түсіндірді Әлия Рүстемова.

Exit mobile version