Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы дерегі бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған адам саны 72 жетті. Шымкет қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысында вирус жұқтырған адамдар анықталған.
«Қазақстандағы коронавирус бойынша 24 наурыздағы 23:20 сағаттағы жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 36 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында — 2, Алматы облысында — 1 адам, Ақтөбе облысында — 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам жалпы 72 науқас тіркелді» делінген министрлік мәліметінде.