arasha.kz

Тоқаев коронавирусқа қатысты үкіметке тапсырма берді

Фото:aqorda.kz

Фото:aqorda.kz

Президент үкіметке азаматтардың денсаулығын сақтауға барлық жағдай жасауды тапсырды Бұл туралы ол өзінің Twitter-аккаунтында жазды.

«Коронавирустың бүкіл әлемге таралуы аса қауіпті. Үкіметке азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында мемлекеттік мекемелер мен шаруашылық нысандардың қызметіне нұқсан келмейтіндей жан-жақты шаралар қабылдау тапсырылды» деп жазады президент өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұған дейін Қазақстан президеніті Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен кездескен. Кездесу барысында министр елді жаңадан шыққан вирустан қорғау шаралары тауралы айтқан. Біртанов халықты сабыр сақтауға шақырды.

Exit mobile version