arasha.kz

Үкімет әкімдерге тұмау жұқтырғандарды емду орындарын дайындауды тапсырды

Асқар Мамин елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғанын хабарлады. Үкімет басшысы облыс әкімдеріне тұмау жұқтырғандарға көмек көрсететін медициналық орталықтарды дайындауды тапсырды. 

 

Премьер-министр еліміздің бес өңірі әлі де қызыл аймақта екенін атап өтті. 

«Жалпы эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Барлық өңірлерде вирус жұқтыру деңгейі біршама азайды. Дегенмен, «қызыл» аймақта Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстары қалып отыр. Сондықтан эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстау, вакцинациялауды жалғастыру қажет», – деді үкімет басшысы. 

Сонлай-ақ ол тұмауға қарсы вакцинация қарқынын жоғарылатуды тапсырды. 

«Сонымен бірге тұмау мен басқа да респираторлық инфекциялар бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шара қолдану қажет. Тұмауға қарсы вакцинациялау үшін 2,5 млн доза вакцина әкелінді. Халықты тұмауға қарсы вакцинациялауды жандандырып, медицина ұйымдарының тұмау жұқтырған науқастарды қабылдауға әзірлігін қамтамасыз ету қажет», –  деген Мамин.

Exit mobile version