Қытайда шыққан жаңа короновирусқа шалдыққандар саны 570 адамға жетті деп хабарлайды Қытайдың CCTV арнасы.
«22 қаңтарда 24.00 (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22.00) (…) Жалпы саны Қытайдың 25 провинциясында 571 жаңадан шыққан короновирусты пневмониясына шалдыққан адам тіркелді. Оның 95 ауыр халде 17 адам қаза тапқан (барлығы Хубэй провинциясында)», – деп хабарлйды аталған ақпарат құралы ҚХР денсаулық сақтау және жоспарлы бала табу ісі бойынша мемлекеттік комитетіне сілтеме жасап.
Қытайдағы белгісіз пневмонияның өршу себебі – вирустың жаңа түрі