Біз
әлеуметтік
желіде
30-04-25 |
80 рет қаралған
Жұмыссыздарды міндетті медициналық сақтандыру аударымдары жергілікті бюджеттен ұсталатын болады.
Жұмыссыздарды міндетті медициналық сақтандыру аударымдары жергілікті бюджеттен ұсталатын болады

Сондай-ақ заң жобасы сақтандырылмаған халықты міндетті медициналық сақтандыру жүйесімен қамтуға бағытталған. Осы мақсатта «Д» және «Е» санаттарына жататын жұмыссыздар мен жұмыс істемейтін тұлғаларға (әлеуметтік қамсыздандырудың дағдарыс және төтенше деңгейлері) аударымдарды жергілікті бюджеттен төлеу ұсынылады.

Бұған қоса заң жобасын әзірлеушілер МӘМС жүйесіне жарналар мен аударымдар төлейтін қызметкерлер табысының жоғарғы шегін 10-нан 50 ең төменгі жалақы мөлшеріне дейін ұлғайтуды ұсынып отыр. Алайда еңбекақы қорына түсетін жүктемені азайту үшін депутаттар табыстың жоғарғы шегін қызметкерлер үшін 20 ең төменгі жалақы, ал жұмыс берушілер үшін 40 ең төменгі жалақы көлемінде белгілеуді ұсынды.

Сондай-ақ міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне республикалық бюджеттен түсетін мемлекеттік жарналарды кезең-кезеңімен ұлғайту көзделіп отыр.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.