Депутаттар шектеу шараларын алуды талап етеді.
Депутаттар шектеу шараларын алуды талап етеді

Мониторинг топ жұмысы мен санитарлық дәрігерлерді сынға алған депутаттар карантиндік шектеуді алып тастауды сұрайды.

«Ақ жол» партиясының депутаты Дания Еспаева қоғамдық көлік мәселесін жолға қою сұрағын көтерді. Ол мейрамханалардың уақытына қойылған шектеудің логикаға сай келмейтінін айтты. «Мониторингтік топтардың жұмысы шынайы жүргізіліп жатқан жоқ. Өйткені олар бір мекемелерді үнемі тексеріп, ал кейбір мекемелерді мүлдем тексермейді. Сондықтан біз шектеу шараларынан бас тартып, бизнесті жүйелеу туралы ұсыныс айтқан болатынбыз. Заңға сәйкес санитарлық тексеруді тек қана санитарлық қызмет жүргізуі керек.

Алайда, қазір бізде санитарлық тексеруді полиция, волонтерлер, мониторингтік топтар жүргізуде. Мониторингтік топтарда барлық жауапкершілікті өзіне алатын адам бекітілмейді. Тіпті қазір ешқандай мемлекеттік органға қарамайтын, жалған топтар пайда болды. Олар кәсіпкерлерді тонауда», – деп шағымданды депутат. 

Депутат санитар дәрігерлердің қоғамдық көлік мәселесіне назар аудармай отырғанын келтірді.

«Неліктер санитарлық дәрігерлер толы автобусқа қарағанда кафелерде вирус жұқтыру қаупі жоғары деп санайды. Вирус тек 22:00-ден кейін ғана кафелерге бара ма?» – дейді Еспаева. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.