24-02-20 | 14:47
Diamond Princess лайнерінде болған қазақстандықтар елге келді.
Diamond Princess  лайнерінде болған қазақстандықтар елге келді

Жапонияда Diamond Princess круизді лайнерінде болған төрт қазақстандық азамат елге оралды. Қазір олар Нұр-Сұлтан қаласында деп хабарлайды ҚР Денсаулық Сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

“Кеше таңертеңгі сағат 2: 30-да Нұр Сұлтан қаласына Токио қаласынан 20 қазақстандық азамат келди (он ішінде 4 адам – ​​«Алмазная принцесса» жапон лайнерінің жолаушелары). Барлығы медициналық және зертханалық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық.  

Емдеуге жатқызылғандардың барлығының сынамасын қосымша бақылау үшін Алматыдағы Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекционлар ұлттық ғылыми орталығына жіберілді. Бұл орталық жаңа коронавирусты ПТР-диагностикалау әдістемесін игерген”, деп хабарлайды министрлік.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сүйенер болсақ, 2020 жылдың 6 қаңтарынан  23 ақпаны аралығында елімізге 30 066 адам Қазақстанға келген. Мамандар халықаралық әуежайлар, теміржол вокзалдары мен Қытаймен шекаралас аймақтардағы өтізу пункттерінде – 32 004 адамды қарап-тексерді.

Мониторингке барлығы 24 464 елге келушілер алынып, 23 972 адам қамтылды, мониторингтен 24 252 алынды, соңғы 14 күнде келген  212 адам медициналық бақылауда қалды және ауруханаға 78 адам жатқызылды.

Бүгінгі күнге дейін ЖРВИ белгілерімен 165 адам көпшіліктен оқауланып, едмеуге жатқызылды, оның 158-і емделіп шықты. Стационарлы медициналық бақылауда 7 адам қалды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk