Дикий Арман мен Қайрат Құдайберген рақымшылыққа іліге ме?.
Дикий Арман мен Қайрат Құдайберген рақымшылыққа іліге ме?

27 қазанда сенаторлар қабылдаған заңға сәйкес қаңтар оқиғасына қатысқан 1500 адамға рақымшылық жасалмақ.

Бірақ Алматы қаласы мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайберген мен кәсіпкер Арман Жұмагелдиев (Дикий Арман деген атпен танымал) олардың қатарында жоқ, деп жазды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Сенат отырысында Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты.

“Бізде жалпы 20 шақты адамның қылмыстары жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар деп сараланды. Жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушыларға рақымшылық жасалмайды. Тек қана қатысушылар ғана жатады. Қайрат Құдайбергеновке де әзірге сондай айып тағылып отыр”, – деп атап өтті Бас прокурордың орынбасары Сенаттың кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.