26-09-19 | 11:41
Димаш Құдайберген оқулыққа енді.
Димаш Құдайберген оқулыққа енді

Әлемге әнімен әйгілі болған Димаш Құдайберген туралы мәлімет Қазақстан оқулықтарының бағдарламасына енді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

10 сыныптың қазақ тілі пәнінде әншіге қатысты тапсырмалар бар. Бұл жайт ұстаздар қауымын қуантып тастаған көрінеді.

«Өте қатты қуандық. Себебі оқушыларға әлденені түсіндіру барысында заманауи адам ретінде мысал таба алмайтынбыз. Димаш – біздің оқушыларымыз, өскелең ұрпақ үлгі тұтаты тұлға, – деп пікір  білдірген екен мектеп мұғалімдері.

Осы орайда айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген туралы мәлімет Қытай оқулықтарына енген болатын. Сонымен қатар жас әншінің құрметіне тікұшақ атауы қойылды. Ал Ақтөбеде «Димаш бақшасы» ашылса, Алматыда әншінің құрметіне жаңа шай өнімі шыққан екен.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.