01-11-19 | 12:59
Димаш “Вечерний Ургантта” Назарбаев туралы не айтты?.
Димаш “Вечерний Ургантта” Назарбаев туралы не айтты?

Әйгілі әнші Димаш Құдайберген Ресейдегі белгілі шоу-бағдарламалардың біріне қатыстып, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың танымалдығы туралы айтты.

Әзіл-қалжыңы аралас “Вечерний Ургант” шоу-бағдарламасында жүргізуші Иван Ургант Димаш Құдайбергенге:

– Саған жақында Джеки Чанның өзі (танымал кино жұлдыз ред.) хабарласыпты ғой?” – деген сұрақ қойған еді, Димаш Джеки Чанның танымал бола тұра қарапайым екендігін айта келе:

-“Ол тіпті әлемгі ең танымал адам деуге болады, тіпті барлық президенттерден де танымал”, -деп айтып жатқанда, Ургант Димаштың сөзін бөліп:

-“Бірақ біреуінен кейін…”, -деп айтып қалып еді, Димаш та қалжыңды іліп алып:

-“Назарбаевтан кейін…”, -деп жауап қайтарды. Бағдардламаға қатысып отырғандар бұл сөзге ду күліп, Ивант Ургант жөтелген сыңай танытты. Ал Димаш болса:

-“Сіз жөтеліп жатқанда мен сізге қазақтың сыйлы адамдарға тарту ететін шапанын сыйлағым келеді”, -деп Иван Урганттың иығына шапан жапты. Тележүргізуші мұндай шапан Николос Кейдж екеуінде ғана бар екенін айтып, қуанышын білдірді. Содан, Димаш Урганттан “жалғыз президент” тақырыбына оралғысы келетінін айтты да:

-“Сіз әлі де ол Назарбаев емес деп есептейсіз бе?” -деп сұрап еді, Ургант басқа адам туралы ойлағанын айтып, бағдарламаға Дмашпен бірге қатысқан Игорь Крутой:

-“Своя рубашка ближе к телу (өзіңдікі өзіңе жақын)”, -дегенді айтты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.