arasha.kz

Атырауда діни радикал ұсталды

Осы жылдың 15 ақпанында ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдікпен Атырау облысының 17 жасар тұрғынын ұстады.

Тінту кезінде одан тергеуді қажет ететін материалдар алынған.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Айта кететіні, 2023 жылы аталған азамат осыған ұқсас қылмысы үшін 2 жылға бас бостандығынан шектеуге жазаланған.

Қабылданған процестік және профилактикалық шараларға қарамастан, ол құқыққа қарсы әрекеттерін жалғастырды.

Бұл ретте, террористік қылмыстар үшін жауапкершілік 14 жастан басталады.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөліміне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Exit mobile version