14-06-24 |
9600 рет қаралған
Қазақстанда қоғамдық орында хиджаб киюге тыйым салатын заң болады.
Қазақстанда қоғамдық орында хиджаб киюге тыйым салатын заң болады

Қазақстан Парламентінде қоғамдық орындарда діни киім киюге тыйым салу мәселесі қаралуы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи айтты.

Мәжілісменнің айтуынша, қоғамда діни киім киюге тыйым салу мәселесі өзекті болып отыр.

«Қазір біз үшін ең маңызды мәселе – еліміздің ұлттық мүддесін, ұлттық салт-дәстүрді, ұлттық мәдениетті сақтау. Ал қазіргі жағдайды қарасаңыз, қоғамда қара киінген қазақтар көбейіп кетті. Бұл жағдай біздің болашақ ұлттық мүддемізге үлкен зиянын тигізеді», – деді мәжілісмен.

Депутаттың айтуынша, тиісті заң жобасы алдағы сессияда Парламентке енгізілетін болады.

«Сондықтан біз, бір топ депутаттар, осындай заң жобасын дайындадық. Күзгі сессияда Парламентке ұсынылады. Қоғамдағы хиджаб, никаб және басқа да діни киімдер мәселесі оны қабылдағаннан кейін шешімін табады деп ойлаймын. Сонда діни киім (кию – шамамен) мәселесін әйтеуір реттеп алатын шығармыз», – деп түйіндеді ол.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.