Осы жылдың тамызында деструктивті діни ағымның жақтаушылары болып табылатын Қазақстанның 5 азаматы мен 1 шетелдік ұсталды.
ҰҚК-нің мәліметінше, олар өшпенділік пен зорлық-зомбылық идеологиясын әлеуметтік желілер және басқа да жолдармен таратты деп күдіктелуде.
Олардан заттай дәлелдемелер табылған, оның ішінде 3 ұрыс гранатасы бар.
Күдіктілердің екеуі бұған дейін тонау және ұрлық үшін сотталған.
Ұсталған адамдарға қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.