07-07-20 | 14:00
Дизайнер Берік Исмаилов дүниеден озды.
Дизайнер Берік Исмаилов дүниеден озды

Қазақстандық белгілі дизайнер Берік Исмаилов дүниеден озды. Қаралы хабарды әнші Меруерт Түсіпбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы жеткізді.

“Алтын ағам-ай Бұл фәни жалғандааааа, сіздің енді жоқ екеніңізге қалай сенейін…. Енді, бұдан былай , сіздің күлкіңізді естімейтініме…..Сізді , Италиядан не әкеледі екен деп, күтпейтініме….Сізге еркелемейтініме…..Сізбен енді сырласпайтыныма….. Сенейін бе??Иманды болыңыз Сіздің еңбегіңізді бағаламасам, ренжітсем…. Мен егер, жақсы дос бола алмасам, кешіріңізші мені, Беке…”. -деп жазады Меруерт Түсіпбаева.

Берік Әбдішұлы Ысмайылов 1962 жылы 15 наурызда Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Модельер-конструктор, халықаралық дизайнерлер қауымдастығының мүшесі, «Берік Ысмайылов» ауторлық сән салонының директоры. Омбы политехникалық институтының, Мәскеудегі Любовь Красникова — Аксенева ауторлық мектебінің түлегі. Оның қолынан шыққан киімдерді елге танымал әртістер, саясаткерлер мен бизнесмендер киген. Соңғы уақытта ол маска тігіп, халыққа тегін таратып жүрген еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.