27-02-20 | 16:08
Дулат Ағеділдің жерлеуінен қайтқан адамдарды полиция ұстады.
Дулат Ағеділдің жерлеуінен қайтқан адамдарды полиция ұстады

фото: vlast.kz, Тамара Вааль

 

Дулат Ағеділдің жерлеуінен қайтқан адамдарды Нұр-Сұлтан қаласында полиция ұстаған. Бұл туралы vlast.kz жазады.

Полиция 7 адамды ұстаған. Басылым бұл деректі белсенді әрі ұсталғандардың бірі Бибігүл Тұяқованың әлеуметтік желіде жариялаған видеосына сүйене отырып жазады.

«Біз автозактамыз. Жеті адамбыз. Бәрімізді полицияға апара жатыр. Кейбір адамдардың ұялы телефонын алып қойды. Біз жерлеуден соң Талапкер ауылынан қалаға келгенбіз” деген Тұяқова.

Саяси белсенді Дулат Ағеділді үйінен азаматтық киім киген бір топ адам ұстап, көлікке отырғызып алып кеткен. Кейін ІІМ “белсенді жүрегі қысылып қайтыс болды” деп хабар таратты.

Дулат Ағеділді жерлеу 27 ақпанда болды. Оған мыңға жуық адам қатысқан.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk