28-11-20 | 13:42
Дүнген ассоциациясы: Шабуыл жасаған бандиттер, қылмыскерлер жазасыз қалмауы тиіс!.
Дүнген ассоциациясы: Шабуыл жасаған бандиттер, қылмыскерлер жазасыз қалмауы тиіс!

Қазақстандағы дүнген ассоциациясының төрағасы Дауров Хусей Шимарович биыл ақпан айында болған Қордай қақтығысына байланысты өтетін жатқан сот ісі, жауапқа тартылғандар, зардап шеккендер туралы жария жазба жариялады. Оның айтуынша, 3 желтоқсанда ақпандағы оқиғаға қатысты Тараз қаласында соттың алдын ала тыңдауы өтеді. Ол жерде сот отырыстарының әрі қарайғы өту тәртібі анықталады. Сондықтан ол ата-аналарды, қоғамдық қорғаушыларды алдын ала сот тыңдауына бармай-ақ қоюға шақырады.

Дауров Хусей Шимарович, Қазақстандағы дүнген ассоциациясының төрағасы

 

Әрі қарай Хусей Дауров былай дейді: «Біріншіден, мен барша зардап шеккендерге қайырылып отырмын: «Сол қайғылы түні өз ұлдарынан, жақындарынан айырылған ата-аналар, туыстары; сол оқиғадан жараланған, мүгедектік алғандар; үйі, дүкені өртеніп, мүлкінен айырылғандар және де малын, машинасын алдырғандар – сіздерге, баршаңызға сотқа қатысудан бас тартуға болмайды. Өтйкені ережеге сәйкес, сотттан бас тартуға қол қойылады. Әкімшілікпен бірге сотқа қатысудан немесе бас тарту туралы қол жинап жатыр.

Бәріміз сотқа қатысып сотта ауылымызға шабуыл жасаған бандиттер және қылмыскерлер жазасыз қалмай, келтірілген шығынды өтеп, лайықты жазасын алу үшін сотта өз талаптарымызды айтуымыз керек.

Тергеу кезінде ұсталып, 6 айдан 10  айға дейін қамауға алынған, зардап шеккен ауылдардың 12 тұрғына тергеу абақтасында отыр. Сондай-ақ көп адам ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүр. Өз отбасын, әйелдерін, балаларын қорғап, өмірін қауіпке тігіп, қайғылы оқиғаның одан әрі өршімеуіне жол бермеген жігіттер, нақтырақ айтсақ, батырларды қазір соттайды. Біздің міндетіміз – оларға көмектесу. Яғни, қосымша адвокаттар, заңгерлер жалдау және БАҚ та сот ісін объективті  көрсету үшін журналисттер, блогерлер жалдау» деп мәлімдеді Қазақстандағы дүнген ассоциациясының төрағасы Дауров Хусей Шимарович.
Сондай-ақ ол ақпандағы оқиғадан зардап шеккен отбасыларға, адамдарға қайырымдылық жасау үшін көмек жинау басталғанын да хабарлаған.
«Тап қазір Қазақстандағы дүнген этносына тағы да патроиотизм мен бірлігін көрсететін шақ«, – дей келе Хусей Дауров: «Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және басқа елдердің қоғамдық бірлестіктері мен ұйымдарын осы бір маңызды уақытта ақпараттық және материалдық қолдау көрсетуге шақырамыз» дейді.
Биыл ақпан айында Жамбыл облысы Қордай ауданында қақтығыс болған еді. Қақтығыс және одан кейінгі оқиғалар туралы мына жерден оқи аласыз.
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk