Біз
әлеуметтік
желіде
18-06-25 |
210 рет қаралған
Бюджеттегі былықтар жылдан жылға көбейіп барады.
Бюджеттегі былықтар жылдан жылға көбейіп барады

Қазақстанда бюджетті жоспарлау, жүзеге асыру және бақылау барысында жүйелі қиындықтар кездесіп отыр. Сонымен қатар, күтілетін нәтижелерге толық жете алмау, бақылаудың жеткіліксіздігі және қаржыны тиімді пайдаланбау сияқты мәселелер сағыздай созылып әлі шешілмей келеді.

Бюджет саласындағы бұзушылықтар жылдан жылға көбейіп отыр. Сыртқы мемлекеттік аудит 861,9 миллиард теңге көлемінде бұзушылықты анықтады. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 64,8%-ға көп.

Аталған соманың ішінде:

  • 154 миллиард теңге – нақты қаржылық бұзушылықтар,
  • 708 миллиард теңге – бюджетті дұрыс жоспарламау және қаражатты тиімсіз пайдалану,
  • 10 мыңнан астам рәсімдік (құжаттық) қателіктер бар.

Сонымен қатар, ішкі аудит те қосымша 81 миллиард теңге сомасында бұзушылықты анықтаған.

2024 жылғы республикалық бюджеттің орындалу қорытындысына қысқаша тоқталып өтейін. Жыл қорытындысы бойынша: кірістердің орындалуы — 97,2%, шығыстардың орындалуы — 97,8% болды. Кірістер 2023 жылмен салыстырғанда 2,3 триллион теңгеге көбейді.
Бұл негізінен трансферттердің 1,6 триллион теңгеге ұлғаюы және 1,7 триллион теңге көлемінде қарыз алынуы арқылы қол жеткізілді. Дегенмен, кіріс жоспары толық орындалмады — 609 миллиард теңге жетпей қалды. Оның ішінде 367 миллиард теңге — жиналмаған салықтар, 242 миллиард теңге — салықтан тыс түсімдер, — деді депутат мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібеков

Депутаттың сөзіне қарағанда, кіріс көлемінің азаюына бірнеше негізгі себеп бар. Біріншіден — әлемдік нарықта металдардың бағасы төмендеген. Екіншіден — бір реттік, яғни уақытша түсімдер бұл жолы түскеген. Үшіншіден — бірқатар ірі кәсіпорындардың табысы азайған.

Сонымен қатар, бұл жағдай тек сыртқы факторлармен шектелмейді — ішкі жүйелі мәселелер де бар. Кіріс көздерін көбейту үшін қолда бар мүмкіндіктер толық пайдаланылып жатқан жоқ.

Бүгінде елімізде көлеңкелі экономика әлі де көп, бейресми жұмыс істейтін азаматтардың үлесі жоғары. Сондай-ақ, экономикалық өсімді ынталандыру мен инфляцияны бақылау шаралары жеткіліксіз болып отыр.

Сонымен қатар, мен фискалдық және экономикалық теңгерімсіздік мәселесіне де бар.

Мысалы, өңдеу өнеркәсібі өсіп жатыр делінгенмен, соңғы 5 жылда осы сала бойынша бюджетке түсетін кірістердің үлесі 13,6%-дан 10,7%-ға дейін азайған.

Бұл нені білдіреді? Өндіріс өсіп жатқанымен, одан түсетін салықтар сәйкесінше көбейіп жатқан жоқ. Яғни, бұл – салық саясатының негізгі қағидаларына қайшы келетін жағдай. Ұлттық қорға 3,8 триллион теңге көлемінде түсім түсті. Бұл жоспармен салыстырғанда 15%-ға аз. Бастапқы жоспар бойынша қорға 5,9 триллион теңге түсуі керек еді, бірақ бұл көрсеткіш кейін 1,5 триллион теңгеге қысқартылды, — дейді депутат.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.