Біз
әлеуметтік
желіде
25-06-25 |
100 рет қаралған
Қазақстан долларлық еурооблигациялар арқылы тағы $2,5 млрд қарыз алды.
Қазақстан долларлық еурооблигациялар арқылы тағы $2,5 млрд қарыз алды

24 маусымда Қазақстан Республикасы жалпы сомасы 2,5 миллиард долларды құрайтын суверенді долларлық еурооблигацияларды сәтті орналастырды. Бұл туралы Қазақстан Қаржы министрлігі хабарлады.

Құжатқа сәйкес:

7 жылдық облигациялар – 1,35 млрд доллар, купондық мөлшерлемесі 5%;

12 жылдық облигациялар – 1,15 млрд доллар, купондық мөлшерлемесі 5,5%.

Министрлік атап өткендей, облигациялар орналастырылмас бұрын Лондонда қаржы министрлігі өкілдерінің физикалық роудшоуы өткен. Шараға шамамен 180 ірі инвестор қатысқан.

Инвесторлардың қызығушылығы жоғары болған:
Сұраныс ұсыныстан екі есе асып түсіп, Еуропа, АҚШ, Азия және Таяу Шығыстағы сапалы және әртараптандырылған инвесторлардың үлкен қызығушылығын көрсетті.

Мұнай бағасының күрт төмендеуі, геосаяси тұрақсыздық пен базалық мөлшерлемелердің құбылмалылығына қарамастан, Қаржы министрлігі бәсекеге қабілетті шарттармен орналастыруға қол жеткізгенін мәлімдеді.

Министрліктің айтуынша, табыстылық деңгейі A/AA рейтингі бар елдермен (мысалы, Польша, Сауд Арабиясы, Чили) салыстырымды, әрі BBB рейтингі бар елдерге (Мексика, Венгрия, Перу) қарағанда әлдеқайда төмен.

Сонымен қатар, министрлік Қазақстан ағымдағы жылы A/BBB рейтингтері бар елдер арасында ең төмен ставкалармен облигация шығарған рекорд орнатқанын хабарлады.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.