Біз
әлеуметтік
желіде
09-04-25 |
310 рет қаралған
Қазақстан үкіметі ҚҚС бойынша шекті мөлшерді 40 млн теңге деңгейінде белгілеуді ұсынады.
Қазақстан үкіметі ҚҚС бойынша шекті мөлшерді 40 млн теңге деңгейінде белгілеуді ұсынады

Бұл жаңа шек – фискалдық мақсаттар мен шағын бизнестің мүдделері арасындағы ымыра ретінде қарастырылуда.

Үкімет қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша міндетті тіркеу үшін жаңа шекті деңгейді – 40 млн теңге етіп белгілеуді ұсынып отыр. Салық мөлшерлемесі 16 % болады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

«Бұл шешімнің салдарынан біз 160 мың жаңа салық төлеушіден және шамамен 400 млрд теңге көлеміндегі әлеуетті түсімдерден айырылып отырмыз. Бірақ біз ымыраға келдік. ҚҚС – 16 %, шек – 40 млн теңге», – деді Жұманғарин Мәжілісте сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, үкімет пен парламент шағын бизнестің алаңдаушылығын ескеріп отыр және фискалдық тәсілдерді қайта қарауға дайын. Сонымен бірге, тіркеу талаптарын қатаңдату көзделіп отыр, әсіресе салық тәртібін бұрын бұзған жеке кәсіпкерлерге қатысты.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.