Қазақстанда әкімшілендіруді жеңілдетуге және бизнеске жүктемені азайтуға бағытталған салық жүйесін оңтайландыру ұсынылады. Бұл туралы Мәжілістің пленарлық отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жаңа Салық кодексінің жобасын бірінші оқылымда талқылау кезінде тиісті бастамаларды ұсынды.
«Біз салықтарды, төлемдер мен алымдарды азайтамыз. Бұл салықтық әкімшілендіруді жеңілдетіп қана қоймай, уақытты үнемдейтін қадам, сонымен қатар компанияларға өз дамуына көбірек ресурстар бағыттауға мүмкіндік береді», — деп атап өтті вице-министр.
Реформалар шеңберінде салықтардың жалпы саны 12-ден 11-ге дейін қысқарады – бірыңғай жер салығын жеке табыс салығының (ЖТС) құрамына енгізу ұсынылады. Төлемдердің 10 түрінен – жарнама орналастырғаны және лицензияларды пайдаланғаны үшін 2 төлем түрі алынып тасталады.
«Сонымен қатар 3 төлем: су ресурстарын, орман және жануарлар әлемін пайдалану үшін – табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін бірыңғай төлемге біріктіреледі», — деп түсіндірді Серік Жұманғарин.
Оның айтуынша, мөлшермелер саны 77-ге, 373-тен 296-ға дейін қысқарады. Барлық төлемдер саны 10-нан 6-ға дейін азаяды.
Сондай-ақ Серік Жұманғарин өзгерістер алымдарға әсер ететінін айтты. Үкімет 34 мөлшерлемені алып тастап, алымдардың 6 түрін қысқартуды ұсынады. Оның ішінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, ғарыш объектілерін тіркеу және қайта тіркеу, жылжымалы мүлік кепілі және кеме ипотекасы, БАҚ-ты есепке қою, қаржы нарығына қатысушыларға рұқсат беру, сондай-ақ радиожиілік спектрін пайдалану үшін алымдарды алып тастау бар. Мөлшерлемелер санын 310-дан 276-ға дейін азайту ұсынылып отыр.
Мемлекеттік баждар туралы айтатын болсақ, жаңа Салық кодексінің жобасында баждардың 5 түрін алып тастау және мөлшерлемелер санын 113-тен 62-ге (-51) дейін қысқарту ұсынылады.
Оның ішінде зияткерлік меншік саласындағы іс-әрекеттері, нотариаттық іс-әрекеттері, сондай-ақ халықаралық тасымалдарға арналған құжаттар, теңіз куәліктері және жануарлар мен өсімдіктерді тасымалдауға арналған рұқсаттар бергені үшін баждардың күшін жою ұсынылуда.
Серік Жұманғарин іске асырылып жатқан шаралар салық жүйесін неғұрлым ашық, тиімді және бизнес қажеттіліктеріне бағдарланған етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.