26-09-24 |
2030 рет қаралған
Рекордтық көрсеткіш: Қазақстан банктері байып жатыр.
Рекордтық көрсеткіш: Қазақстан банктері байып жатыр

2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 21 банк жұмыс істеді, оның 11-і — шетелдік қатысуы бар банктер болса, 8-і — еншілес ЕДБ және қалған 2-уі — 100% мемлекеттік қатысуы бар банктер. Бұл туралы ranking қаржы мониторинг агенттігі хабарлады.

Есептік кезеңде ҚР ЕДБ активтері 56,8 трлн теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 22%-ға артық. Бұл соңғы жылдарда байқалған рекордтық өсім.

Еліміздегі ірі банктердің арасында активтердің өсімі бойынша ең үлкен көрсеткіш еуропалық Home Credit Bank-те: бір жылда бірден 45,2%-ға өсім көрсетті. 2024 жылдың 1 тамызына қарай аталған қаржы институтының активтері 950 млрд теңгеге жетті. Соңғы жылдары банк көрсеткіштері серпінді түрде ұлғаюда, бұған бірден-бір себеп — екі жыл бұрын жаңа тәсілдер мен мақсаттарды қамтитын даму стратегиясының қабылдануы.

Екінші орынға Банк ЦентрКредит жайғасты, банктің активтері бір жылда 28,5%-ға артты. Ал Jusan Bank 27%-ға өсім көрсетіп, үшінші орынға шықты.

Сондай-ақ үздік бестікке ForteBank пен Bereke Bank те енді: активтері 26%-ға және 24,9%-ға көбейген.

Жалпы алғанда, соңғы жылдары Қазақстанның банк секторы серпінді өсім көрсетуде. Мұндай оң қарқын 2020 жылдан бері байқалады. Бес жыл ішінде банк секторының активтері 2 еседен көп ұлғайған.

Тағы бір айта кетерлігі, қысқа мерзімді кезеңде де оң динамика байқалады. Бір айда банк секторының жиынтық активтері 2,6%-ға немесе 1,5 трлн теңгеге көбейді (2024 жылдың басынан бері 10,4%-ға артты), мұндай көрсеткіш өтімді активтердің 5,5%-ға немесе 1,2 трлн теңгеге көбеюі есебінен байқалып отыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.