28 қаңтарда үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Оған президент Тоқаев қатысады. Осыған орай, экономист Сапарбай Жобаев ел экономикасының қазіргі ахуал жөнінде сұхбаттасқан еді.
Сапарбай Жобаев, экономика ғылымдарының кандидаты
– Жеке кәсіпкерлікті қолдау және инвестициялық ахуалды жақсарту үшін үкіметтен қандай қадамдар қажет деп санайсыз?
– Ертең үкімет отырысы болады, Президент қатысады және 2024 жылдың нәтижелерімен 2025 жылға қойылған жоспарлар туралы сөз болады. Бірінші сұрағыңыз жеке кәсіпкерлікпен енді біз шағын және орта бизнестің дамуы деп түсінейік. Себебі бізде кәсіпкерліктің өте үлкен олигархтары өте жақсы дамып жатыр. Ал енді шағын бизнесті дамыту мәселесіне келсек үкімет өте көп жұмыстар жасап жатыр. Бірақ нәтиже ойдағыдай емес, себебі бұл істеп жатқан істердің барлығы, қалай десем екен, бір жасанды нәрсе сияқты болып көрінеді, даму бойынша жәрдем беру, ауыл шаруашылық кәсіпкерлерін қаржыландыру барлығы мемлекеттің қолында. Ал мемлекеттің меншігінде біздің ЖІӨ-дің 55-60%-ын мына квазимемлекеттік кәсіпорындармен, кейін үлкен латифонды жер иелері иеленіп отыр. Яғни, 60%-ы мемлекеттік меншік болып тұр. Осы жағдайда шағын бизнесті дамыту деген нәрсе өте шешілуі қиын. Оны шешу үшін Президент айтқандай тезірек монополисттерді тезірек азайтып, мемлекеттік меншікті 60%-дан 15-20%-ға дейін төмендету керек мына Қытай сияқты. Сонда ғана шағын және орта бизнес дамиды. Ал оған дейінгі қабылданып жатқан шешімдер жартылай болып қала береді.
– Президент қатысатын жиыннан кейін бюджеттік саясатта қандай өзгерістер болуы ықтимал?
Екінші мәселе бюджет өте күрделі. Ол да жаңағы бірінші мәселемен сәл байланысты. Неге? Себебі мына біздегі мемлекеттік меншікті иеленіп алған квазимемлекеттік кәсіпорындар, Самрұқ-Қазынаның кәсіпорындары, бұл мемлекеттің ішіндегі мемлекет болып алды. Ал бұлар мемлекеттік меншік болғаннан кейін салық төлеудің орнына, қайтадан бюджет жәрдем алып өздерінің жеке табыстарын, жеке мүддесін жоғары қояды. Себебі барлық жерде белгілі мемлекеттік меншік деген сөз ол ешқашан бір тиімді істеу мүмкін емес. Мысал ретінде бір 2 мысалды айтсақ болады. Мәселен Қазақстанда мұнай бизнесімен американың компаниясы Тенгиз шевройл шұғылданады. Ол 24-25 миллион тонна мұнай өндіреді. Біздің бюджетімізге 2-2,5 триллион салық төлейді. Ал дәл сонша көлемде мұнай өндіретін «ҚазМұнайГаз» бар болғаны 1,169 миллиард теңгелік салық төлейді. Міне, осыдан көрсе болады. Біздің Қазақстанның мынау мемлекеттік меншігінің тиімділігі өте аз. Мәселен 51мемлекеттік үлкен кәсіпорындарды алсақ соның 14-і бүгінгі күнде табыссыз жұмыс істейді. Яғни мемлекеттік бюджеттен жәрдем алып отыр. Оларды тезірек жекешелендіру керек, ол туралы әңгіме көп айтылып жатыр. 2011 жылы біз ipo шығарып бәрін жекешелендіруді бастаған едік, бірақ кейін тоқтап қалды ҚазТрансойлдан басқасы. Ал қалған мынау Kegoc сияқты Қазақстан Теміржолы, ҚазМұнайГаздың барлығы әлі мемлекеттік. Бұлар өте тиімсіз жұмыс істеуде. Салық та төлемейді, қайта-қайта бюджеттен жәрдем, зорға жиналған салықты алуға құштарлықтары бар. Себебі біздегі билік, министрлер дейміз ба, әкімдер, сенат мүшелері, депутаттарымыз барлығы сол олигархтардың қолында. Сондықтан мына бюджет мәселесі өте күрделі болғаны, өткен жылы 21 триллиондық шығынның, бар болғаны 11,5 триллионы ғана салықтан түсті. Ал дүнинжүзі мемлекеттері салыққа жасайды, ал біз қалғаны сол 9 триллионын кейін Ұлттық қорынан тапшылық деп облигацияға шығарып, қарызға баттық. Бұл өте дұрыс емес мәселе.
– Сыртқы сауда және экспорттық әлеуетті арттыру тұрғысынан қандай шешімдер қабылдануы мүмкін деп ойлайсыз?
– Үшінші эскпорттық әлеует мәселесі. Бұл мынау біздің теңгеміздің тұрақты дамуы, тұрақты болуына байлпанысты әсер етеді. Себебі валюталық саясат бойынша біздің Қазақстан экспорттық мемлекет болып есептеміз. Себебі өзімізде шығарылған өнімнің үштен бірін біз экспорттаймыз, тұтана алмаймыз. Мәселен, бидай, өсімдік майы, ұн, басқа да жемістерді біз көбірек шығарамыз, мұнай металдары, оларды біз шетелге экспорттауымыз керек. Содан түскен экспорттық валюталар біздің теңгеміздің қуатты болуына әсер етеді. Осы мәселеде неге экспорт мәселесі тек қана шикізатпен байланып қалды, ал енді мынау дайын өнімдер қазірше бізде 80 млрд долларлық экспорт болатын болса, соның 24 млрд ғана дайын өнімдеп деп есептелінеді. Ол негізінен мына Евразиялық экономикалық одақ мемлекеттеріне экспортталады. Бізде өте көп сауда айналысы бар Қытай, Европаларға біздің тек қана шикізат керек. Олар бізден дайын өнімдерді күтіп отырған жоқ. Сондықтан экспорттық өнімдердің көлемі үлкен болғанымен, дайын өңделген өнімдердің көлемі өте аз, 24 млрд дедік. Соныңда көпшілігі әшейін жай былай профиль сияқты соңғы дайын өнім емес. Соны көбейту үшін біз Қытаймен, мысалы мына Европа елдерімен, Түркия дүниесімен өте көп, әсіресе мына Орталық Азия мемлекеттерімен шекараны ашып сауданы дамытуымыз қажет. Ал қазір, өкініштісі бұл мәселе шешілер емес. Бұл бірінші мәселе. Екінші, біздегі экспорттық әлеуетті дамыту үшін біздегі техникалық талаптарды жаңағы мәселен етті дайындаудың бір технологияларын әлемдік дәрежеге жеткізу үшін біз мынау көрші алып мемлекет Қытай мен Ресейдің талаптарына, яғни олардың бір техникалық шарттарын, стандарттарына тура келетін дүниені өндіруге әрекет жасауымыз керек өзіміз бір оншалықты тыраштанбай. Себебі олармен әріптестікті өте кең дамытуымыз керек. Бұл екінші, жаңағы техникалық талаптарды орындау мәселесі. Ал енді үшінші мәселесі біздегі мынау экспорттың дайын өнімдерінің өндірудегі ең бір маңызды мәселе біздің өндірісіміздегі мынау үлкен бағанағы бірінші және екінші мәселеде айтылған квазимемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру керек. Егер оларды жекешелендіретін болсақ, олар сол шетелге, экспортқа ынталы болады. Ал бүгінгі күнде олар мемлекеттік болғаннан кейін олар мемлекеттің жәрдеміне сеніп оншалықты өздерін бір сапалы өнім өндіруге, тиімді өндіруге әрекет жасамайды. Тек қана сол мемлекеттің, бюджеттің ақшасын қалтасына салып алуға әрекет жасайды ондағы биліктер, оның мысалдарын өте көп көріп жатырмыз. Мәселен сол квазимемлекеттік кәсіпорындардың бастықтары біздің биліктегілердің әрқайсысының мына шетелдегі үйлерін, активтерін дейміз ғой енді соларды есептеп көретін болсақ барлығы соларға тиесілі. Ал ол тоқтамайды егер де біз мына квазимемлекеттік кәсіпорындарды бүгінгі күнгідей 50-60%-да ұстап тұратын болсақ. Мәселе осында. Соларды жекешелендіргеннен кейін ғана біз экспорттың әлеуетін көбейтеміз. Төртінші мәселе, ауыл шаруашылық өнімдерінің тиімділігін арттыру мәселесі. Ол үшін жерді диқандарға беру керек жекешелендіріп, жеке мүлік қылып. Ал қазірше біздің биліктегілердің жері. Мәселен ауылға барып мына жердің иесі кім десең, ол қаладағы судья, сот, полицияның бастығы, әкім болып шығады. Сондықтан ауыл шаруашылық өнімдерінің экспортталуы да өте қиын мәселе. Себебі олар да сол мемлекеттік болғаннан кейін өте көп субсидия алады да, ал тиімді жұмыс істеп, экспортқа қызығушылығы өте аз. Міне мәселе осында. Осыларды шешкеннен кейін, әрине мәселе көп, мысалы мамандардың жетіспеушілігі және басқа мәселелерді шешуіміз керек.
Сұхбаттасқан Самал Асқар, arasha