
Қазақстан экономикасы әлі де Ұлттық қордың қаражатына қатты тәуелді, деп мәлімдеді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ол Ұлттық қорды экономиканың маңызды бөлігі деп атағанымен, оған тәуелділікті азайту қажет екенін атап өтті.
«Ең алдымен, экономиканы әртараптандыру міндеті толық орындалған жоқ. Экономика әлі де Ұлттық қордың қаражатына қатты тәуелді. Мұнда айта кету керек, Ұлттық қор – экономиканың ажырамас бөлігі. Алайда бизнес саласындағы инвестициялық белсенділік әлі де төмен деңгейде қалып отыр. Бұл олқылық биылдан кешіктірілмей жойылуы тиіс. Үкімет нақты шаралар қабылдауы керек», – деді Тоқаев Үкімет отырысында.
-
22.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025
-
21.02.2025
-
21.02.2025
-
21.02.2025